Жарнама
Білім

Атыраулық оқушылар «Шолу дөңгелегін» жасап шығарды

Атыраулық болашақ инженерлер «Шолу дөңгелегі» жобасын жасап шығарды.

JAS SPACE кеңістігіндегі STEAM курстарының ІІІ легі қорытындыланған салтанатты рәсімде «Инженерияға кіріспе» курсының оқушылары «Шолу дөңгелегі» жобасын жасап шығарды.

«Шолу дөңгелегін» біз ағаш таяқшалар көмегімен жасап шығардық. Ағаш ​ таяқшаларды терможелім көмегімен желімдедік. Және мотор арқылы, «Шолу дөңгелегінің» жұмыс процесін іске қостық. Бұл жобада біз «Шолу дөңгелегінің» жұмыс процесі кезінде тепе-теңдікті сақтауын, қауіпсіз режимде жұмыс істеу сынды техникалық мәселелерін қадағаладық. Жобамыздың негізін пенопласт арқылы бекітіп шықтық. Азаматтық инженерия мен механикалық инженерияның интеграциясы арқылы жасалған жобамызды жасау процесі өте қызықты болды. Болашақта инженер болғым келеді» дейді «Инженерияға кіріспе» курсының оқушысы НұрАмина Амантай.

Жас инженерлердің екінші бір тобы «Ашылмалы көпір» жобасын жасады. Ағаш таяқшалары, жарық диодтары және көпірге ашылып-жабылуға мүмкіндік беретін ардуино қолданылған модель бірнеше ғылым саласының ​ интеграциясы арқылы жасалған.

Еске сала кетелік, Атырауда Абай орталығы жанындағы JAS SPACE кеңістігінің ІІІ легін 271 оқушы сәтті аяқтап шықты. 7-11 сынып оқушыларына арналған тегін STEAM курстары Атырау қаласы жастарын дамыту бастамасы аясында Шеврон компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия қоры жүзеге асыруда.

Баян Жанұзақова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button