Атыраулық оқушы БҰҰ-ның алтын медалін иеленді!

screenshot 20220720 173904 Білім

Әлия Диндербай startup сайысында бірінші орынды иеленді.

Атырау қаласындағы xимия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Әлия Диндербай Қазақстан бойынша startups сайысында бірінші орынға қол жеткізіп, халықаралық 22 мемлекет арасындағы сайыста БҰҰ-ның алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Startup» – идеядан бастау алатын және әрі қарай дамыту үшін қаржыландыруды қажет ететін жоба түрі. 

– Жобаны Miniboss мектебінде оқытатын Евгения Хегай ағаймен наурыз айынан бастап дайындадық. Бұл жоба сенсомоторика қабілеттері бұзылған балаларға арналған. Яғни, біз осы балаларға көмектесе алатын барлық жаттығуларды бір ағаш тақтайға жинадық. Жеңімпаз атануда жалғыз менің үлесім емес, бұл командалық жеңіс. Командада 3 адам болдық, Анжелина есімді замандасым – маркетолог және Әсем атты дизайнер болды.  Оларға алғысым шексіз,- деді Ә.Диндербай.

Айта кетейік, аталған байқаудың Қазақстандағы кезеңі оффлайн, ал xалықаралық кезеңі онлайн түрде өткен болатын.

Atr.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз