Жарнама
Білім

Атыраулық оқушылар – Халықаралық олимпиада жеңімпазы

Өзбекстанда өткен Халықаралық білім бәйгесінде Қазақстанның құрама командасы 4 медаль иеленді. Әл-Хорезми атындағы математика олимпиадасында бақ сынаған еліміздің командасының құрамында атыраулық оқушылар да бар. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

№1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының IX сынып оқушылары Бердібек Орынбасар – алтын, Темірлан Әбішев күміс медальға ие болды.

Айта кету керек, Өзбекстанда өткен олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркіменстан және Тәжікстан мемлекеттерінен 135 оқушы қатысты.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button