Жарнама
Білім

Атыраулық магистранттар қос диплом алады

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде алғаш рет қос диплом білім беру бағдарламасымен оқыған зерттеушілер диссертация қорғады. Магистрантарға Қазақстан мен Түркия университетінің дипломы бірге беріледі.

Қос диплом білім беру бағдарламасы – Қазақстандық жоғары білімді халықаралық кеңістікте интеграцияланудың басым бағыттарының бірі. Бүгінде Атырау университетімен Нигде Омер Халисдемир университеті арасындағы келсім бойынша жүзеге асқан. Магистранттар көптілді білім беру факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында оқыған.

–Түркияда оқу арқылы түркітілдес халықтардың тілдерімен танысып, тілдік айырмашылықтарына зерттеулер жасадық. Мысалы, қазақ, өзбек, қырғыз әзербайжан, түрік халықтарының тілдеріндегі түпкі байланысты, ұқсатық пен өзгешеліктерді филологиялық тұрғыдан талдадық. Бір жыл оқығанда түрік тілін игеруге де мол мүмкіндік болды. Бүгін міне, қазақтың көрнекті жазушысы Асқар Алтайдың шығармашылғына арналған диссертациямды түркиялық профессордың жетекшілігімен жазып шығып, қорғадым, — деді магистрант Ләззат Әлімова.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша Түркияның  Нигде Омер Халисдемир университетімен және Ресейдің Астрахан мемлекеттік университеті арасында тұрақты байланыс орнатып келді.

–Қос диплом бағдарламасымен студент алмасу іске аса бастады. Биыл күзде түркиялық азамат Атырауға оқуға келеді. Ал, қырыкүйекте туризим бағдарламасы бойынша 15 студент Полша еліне, екі шет тілі бойынша бір студент Францияға оқуға барады, — деді ғылым және халықаралық байланыс жөніндегі проректор Қансұлу Өтепқалиева.

Мемлкеттік гарантпен білім алған магистранттар екі жылдық оқудың оқу маусымындарын алма кезек оқып бітірген. Оларға жақында Атырау университетімен Нигде Омер Халисдемир университетінің бірлескен дипломы табысталады. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button