Жарнама
Білім

Атырауда тағы екі түлек рекордтық нәтиже көрсетті

Атырау қаласындағы “Зияткер” мамандандырылған мектеп-лицейінің түлегі Диляра Ғани және Исатай ауданындағы Өркен орта мектебінің түлегі Дильназ Қапсихқызы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтиже көрсетіп, 136 балл жинады. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова хабарлады.

Айта кету керек, облыста Ұлттық бірыңғай тестілеуден дәл осындай жоғары рекордтық нәтижені көрсеткен үш түлек бар. Осыған дейін Индер ауданындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің түлегі Диляра Гұбайдуллина сынақтан сүрінбей өтіп, 136 балл жинағанын жариялаған едік.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button