Жарнама
Білім

Атырауда түлектерге облыс әкімдігінен 268 білім беру гранты ұсынылуда

Атырау облысында 2025–2026 оқу жылына арналған жергілікті бюджет есебінен бөлінетін 268 білім беру грантына құжат қабылдау басталды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 0173

Гранттар аймақтағы кадр тапшылығын жою мақсатында педагогика, медицина, құрылыс, дін, мәдениет, орман және ауыл шаруашылығы салалары бойынша бөлінбек.

— Атап айтқанда, талапкерлер «Математика», «Физика», «Информатика», «Арнайы педагогика», «Психология», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Дирижирлеу», «Халық әні», «Хореография», «Жалпы медицина», «Ветеринариялық медицина», «Агрономия», «Дінтану», «Теология», «Исламтану», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Әлеуметтану», «Орман шаруашылығы», «Қалдықтарды басқару», «Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері», «Архитектура», «Қала құрылысы және Бизнес-аналитика” сияқты мамандықтар бойынша білім ала алады, — деді М.Әбуов.

img 0174

Құжаттар 2025 жылдың 5–10 тамызы аралығында eatyrau.kz порталы арқылы
онлайн түрде қабылданады. Грант иегерлерінің тізімі 2025 жылдың 25 тамызына дейін Атырау облысы Білім басқармасының ресми сайттарында жарияланады.

Облыстық әкімдік ұсынған бұл гранттар ауылдық және өңірлік кадр жетіспеушілігін шешуге бағытталған. Мамандарды даярлау облыс бойынша келісілген сұраныс негізінде жүргізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button