Жарнама
Білім

Атырауда техникалық үйірме ашылды

Қазір ақпараттық технологиялар қарқынды дамып, тың жобалар қолға алынуда. Соның көрінісіндей, Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығында «STEAM JasSpace» үйірмесі ашылды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов,  «Шеврон Мұнайгаз Инк.» компаниясы Еуразиялық бөлімшесі басқарушы директорының міндетін атқарушы Марк Пэйн, Орталық Азияның Еуразия қоры директоры Ринад Темірбеков және  облыстық  білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова қатысып, өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.

– Бүгінгі шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «техникалық мамандықтарға басымдық берілуі керек және Қазақстанға өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын дайындау қажет» деген мәлімдемесімен үндеседі. Ал, «Шеврон» компаниясымен 25 жылдан астам уақыттан бері тығыз байланыстамыз. Абай орталығының ғимараты осы ынтымақтастықтың кепілі. Бүгінгі шараның мақсаты – «Шеврон» компаниясының бастамасымен іске асырылып жатқан «STEAM JasSpace» бағдарламасын өмірге енгізу. Бұл жоба Атырау балалары мен жастарына техникалық мамандықтарды мектеп жасынан бастап меңгеруге мүмкіндік береді. Балалар жылы мұндай маңызды жобаны бастау білім беру саласындағы жетістіктерге жетелейді, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Орталық Азияның Еуразия қоры Абай орталығымен бірлесе отырып,  STEАM бағдарламаларын жүзеге асырады. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында облыстағы STEAM мұғалімдері де оқытылады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Фото: atpress.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button