Атырауда педагогтер қатары толықпақшы
Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
— Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру мақсатында арнаулы бағдарлама арқылы өңірге үздік педагогтерді қабылдау конкурсы басталды. Конкурсқа тұрғылықты жеріне қарамастан, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» бейіні бойынша біліктілік санаттары бар еліміздің педагогтері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері қатынаса алады. Құжаттар ағымдағы жылдың 16-26 маусым аралығында қабылданады. Арнаулы бағдарлама бойынша конкурстың барлық ережелері Білім беру басқармасының әлеуметтік желілеріне жарияланды. Үйлестіру комиссиясының құрамы құрылды, деді А.Дүйсекенова.
Оның айтуынша, қазіргі таңда өңірдегі білім беру ұйымдарынағы орыс сыныптарына бастауыш сынып, орыс тілі, физика, химия, тарих, ал орыс және қазақ сыныптарына математика пәні мұғалімдері қажет. Күні бүгінге конкурс бойынша құжаттарды қабылдау қарқынды жүріп жатыр.
Айта кетейік, облыстағы орта мектептерде 12 мыңға жуық ұстаз еңбек етеді.