Білім

Атырауда 6 мыңға жуық түлек мектеп бітіруде

Бүгін, 25 мамыр – соңғы қоңырау салтанаты. Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманованың хабарлауынша, 2023-2024 оқу жылын аймақта 224 мектеп бойынша 5964 түлек бітіріп жатыр. Оның ішінде мемлекеттік мектептерде – 5 474, жекеменшік білім ордаларында 490 түлек бар.

-2023-2024 оқу жылын 1-11 сыныптар аралығында 149 187 бала аяқтады. Оның ішінде мемлекеттік емтихандарды тапсыратын негізгі орта және орта білімді аяқтайтын оқушылар бар. Негізгі орта білім деңгейін, яғни 9 сыныпты 12 мыңнан астам оқушы бітірді. Ал орта білімді ақтайтын оқушылар саны – 6 мыңға жуық. Сонымен қатар қорытынды аттестаттау дайындығы облыстың барлық білім беру мекемелерінде жүргізілді, бұған дейін бұл жұмыс бағытындағы ерекшеліктер және емтихан тапсырмаларын дайындау мен түсіндіру бойынша арнайы семинарлар өтті, – деді О.Биманова.

Айта кету керек, облыста «Алтын белгіге» 125 түлек үміткер болса, Үздік аттестатқа үміткерлер саны 329-ды құрайды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button