Атырауда оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау жалғасуда

369165114 1929926727389801 7664575905269464408 n Білім

Бүгінде Атырау қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына 7 844 бала қабылданды. Оның ішінде қазақ сыныбына – 6 245, орыс сыныбына – 1 599 бала құжат тапсырған. Жаңа оқу жылындағы қазақ тілді 1-сынып саны 273-ті, орыс тілді 1-сынып саны 63-ті құрайды.

Қазіргі таңда оқушыларды алғашқы сыныпқа қабылдау жұмыстары әлі де жалғасуда. 30 шілде  Egov порталы арқылы құжаттарды онлайн тапсыру аяқталған болатын.

25-тамызға дейін ата-ана келесі құжаттарды тапсыру қажет:

Баланың екі дана 3*4 суреті;

Туу туралы куәлігі;

Форма 26, 65;

Ерекше жағдайдағы бала болса, ПМК қорытындысы қажет.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз