Жарнама
Білім

Атырауда оқушылар арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды

Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өңірдің 9-11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Олимпиадаға 11 облыстық мектептен, 7 аудан және қала мектептерінен 750 оқушы қатысып, оның 361-і жаратылыстану-математика бағыты бойынша, 389-ы қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша бақтарын сынауда.

Облыстық Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының директоры Руслан Сарбалиннің айтуынша, жүлделі I орын және кейбір пәндерден II орын алған оқушылар олимпиаданың республикалық деңгейіне жолдама алады.

  • 2 кезеңнен тұратын облыстық олимпиада 4-5 қаңтар күндері өтеді. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша тапсырмалар орындайтын оқушылар бүгін I кезеңді бастады. 19 аудиторияда өтіп жатқан білім додасында балалардың арақашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы тікелей транслияциялар ұйымдастырылды. Биыл олимпиадаға қатысқан жастарды қолдау үшін жүлделі I орын алған 11 сынып оқушыларына өңірдегі жоғары оқу орындарының арнайы гранттарын беру жоспарлануда. Олимпиаданың республикалық кезеңінде жаратылыстану-математикалық пәндерден 36 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыттан 28 оқушы қатысатын болады. Барлық оқушыларға сәттілік тілейміз! – деді Р.Сарбалин.

Айта кетейік, қатысушы қорытынды нәтижелерге келіспеген жағдайда келіспеу себептерін көрсете отырып, өтініш нысанын толтырып, апелляцияға бере алады. Апелляциялық өтініштер қабылдау 6 қаңтар күні аяқталады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button