Жарнама
Білім

Атырауда облыс педагогтеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды


Бүгін Атырауда облыстық білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Qabilet» қызметін насихаттауға яғни, мектеп жасындағы балалардың «4К» саласындағы сыни ойлау, креативтілік, коммуникация және ынтымақтастық қабілеттерін анықтап, дамытуға бағытталған екі күндік семинар-тренинг өтті. Іс-шараға облыстың жүзге жуық педагог-психолог маман қатысты.

c9cb859e 275b 4cb7 88f5 50a9a338a264


«Qabilet» қызметінің негізгі міндеті – барлық оқушылардың қабілеттері мен кәсіби бағдарын диагностикалауға тең қол жеткізу жүйесін құру, оның ішінде дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу, олардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау. Сонымен қатар, үздіктерді одан әрі оқыту және дамыту үшін ең қабілетті оқушыларды іріктеу, яғни жүзден жүйрік өрендерге бағыт-бағар беріп, жөн сілтеу, қолдау көрсету болып табылады. Ал, бұл ретте педагог мамандардың біліктілігін арттырудың маңызы зор.

5728ad54 4ff8 45d8 a793 a4a54cb00e94


Айта кетейік, «Qabilet» қызметін «Еl umiti» қоры «Дарын» орталықтарымен бірлесіп жүзеге асырады. Жалпы, Qabilet онлайн платформасы кез-келген оқушы үшін қолжетімді әрі тегін және платформада ата-аналарға арналған жеке кабинет те бар, онда баланың қандай сынақтардан өткенін, оның қандай қабілеттері дамығанын немесе қай бағытта дамыту керектігін көруге болады.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button