Жарнама
Білім

Атырауда “Мектепке жол” республикалық акциясы басталды

Атырау қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал топтардағы балаларға қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Игі іс-шара ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл туралы Атырау қалалық Білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

img 0092

– Әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылардың жаңа оқу жылына дайындалуына көмектесу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын акция әр баланың білім алу құқығын қамтамасыз етеді, – деді А.Дүйсекенова.

Оның айтуынша, былтырғы оқу жылында қала бойынша 3500-ге жуық оқушы акция аясында қолдауға ие болған. Биыл бұл көрсеткіштің артуы күтілуде.

Сонымен қатар білім беру мекемелерінде ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы негізінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету жалғасып келеді. Өткен жылы 9615 оқушыға жалпы сомасы 417,3 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілген. Әр балаға 43 407 теңгеден жергілікті бюджет есебінен қаржылай қолдау бөлінді.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, ата-аналар әлеуметтік көмекке қатысты ақпаратты өз балалары оқитын мектептердегі әлеуметтік педагогтардан ала алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button