Атырауда мектеп оқушылары үшін медиа-лагерь ұйымдастырылды

media1 Білім

Екі күнге созылған медиа лагерь аясында оқушыларға журналистика, SMM және РR, мобилография, графикалық дизайн негіздері туралы тренингтер ұйымдастырылды.

Шығармашылық бағыттағы лагерь туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Telegram-каналында жариялады.

“Оқушыларды қазіргі еңбек нарығында ең көп сұранысқа ие шығармашылық бағыттағы мамандықтарға баулу мақсатында «Atyrau Bilim Media» жобасы іске қосылған болатын.
Қала бойынша іріктеліп алынған 10 мектептің 8-11 сынып оқушылары қамтылып отырған жоба аясында шәкірттер заманауи мамандықтардың дағдыларын игеруде”- деп жазды ол.

Н.Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз