Тұңғыш академик ескерткішіне гүл шоқтары қойылды (+ФОТО)

img 20220412 wa0067 ФОТОГАЛЕРЕЯ

Бүгін, яғни, 12 сәуір – Ғылым күні. Осыған орай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылар мен студенттері туған елінің дамуы үшін ерең еңбек сіңірген геолог, академик әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Оның үстіне, бүгін – «менің халқым менен де биік» деп өткен атақты ғалымның туылған күні.

«Бүгін еліміз үшін маңызды кәсіби мереке – Ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Ендеше, осынау мерекемен университет атынан құттықтаймын! Атырау университеті өңірдегі ғылым саласын дамыту бағытында арнайы іс-шараларды жүзеге асырады және соны өзінің басты миссиясы деп санайды. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында ғылымға арнайы көңіл бөліп, заңнамалық актілерге өзгеріс  енгiзу бойынша тапсырмалар берді.

img 20220412 wa0068

Атап айтканда, жетекші ғалымдардың еңбекақысын базалық қаржыландыруға енгiзу, іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру, гранттық қаржыландыруды бес жылға ұзарту, ұлттық ғылыми кенестердiң шешiмдерiне апелляция институтын енгiзу бойынша ұсыныстар бар. Бiлiм және ғылым министрлiгi осы тапсырмаларды орындау бойынша нақты жұмыстар жүргiздi. Еліміздің ғылыми әлеуетінің нығаюы – мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын фактор. Сондықтан атыраулық әрбір ғалымның еңбегi қоғамның iлгерiлеуiне косылған үлкен үлес деп бағалаймыз» деді салтанатты шара шымылдығын ашқан университет ректоры, профессор Саламат Идрисов.

 Оған қоса, Атырау университетінің техника ғылымдарының докторы Бекет Зейнешұлы  мен Жас ғылымдар кеңесінің төрайымы Гүлдана Таңбайқызы академик туралы сыр шертіп, ескірмес естеліктермен бөлісті. Соңында барлығы ескерткіш алдына барып, гүл шоқтарын қойды.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

img 20220412 wa0067 1
img 20220412 wa0064
img 20220412 wa0071
img 20220412 wa0061
img 20220412 wa0073
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз