Атырауда мектеп бітіретін 167 түлек Алтын белгіге үміткер
Атырау облысында «Білім туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтары 31 мамырда аяқталады. Бұл туралы Білім беру басқарма басшысының орынбасары Орынтай Биманова баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Осы оқу жылы облыстың 211 білім беру мекемесінде 141 228 оқушы аяқтайды. Олардың ішінде 9 сыныпты 11789, 11 сыныпты 5683 оқушы бітіреді. «Алтын белгіге» үміткер 167, «Үздік аттестатқа» үміткер 247 оқушы бар.
— Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №88 «2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығыны сәйкес 9(10) сыныпта білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында өтсе, 11(12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 5-19 маусым аралығында өтеді, — деді О.Биманова.