Жарнама
Білім

Атырауда ер адам суға батып кетті

Атырауда 1965 жылы туған ер адам суға түсуге тыйым салынған жерде шомылу кезінде батып кеткен.

Қайғылы оқиға 7 тамыз күні Атырау қаласы Талқайран ауылының тұсында болған.

«Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жеткен кезде, ер азаматтың жабдықталмаған, суға түсуге тыйым салынған жерде суға шомылу кезінде батып кеткені анықталды. Құтқарушылар су асты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, сағат 17:27 шамасында ер азаматтың денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 құтқарушы, 1 бірлік қайық жұмылдырылды», — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облысында 11 адам суға батып кетті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button