Атырауда дәстүрлі тамыз кеңесі жаңа форматта өтіп жатыр

11 foto Білім

Биыл 24-25 тамыз аралығындағы ұстаздардың тамыз кеңесі алғашқы рет жаңа форматта өтуде, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Жаңалықтың негізі – елдің 20 өңірін тақырыптық бағыт бойынша бөлу. Барлық өңірдің ұраны бірдей: «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт». Атырау облысындағы дәстүрлі кеңеске «Білім беру саласындағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру» тақырыбы берілген.

Кеңеске онлайн режимде Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Ал, пленарлық кеңестің офлайн бөлігін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ашып, жүргізіп отырды.

222 foto

Облыс әкімі Серік Жамбылұлы атыраулық педагогтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

 «Өздеріңізге мәлім, соңғы кезде елімізде білім беруде адам капиталына, соның ішінде, саналы ұрпақ тәрбиесіне, сапалы білім беру ісіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірінші кезекте білім беру саласына аса мән беріп келеді. Салада көптеген жаңа реформалар қолға алынды. Жеткен жетістіктерімізде көп. Сол жеткен жетістігіміздің бәрін ұстаздарымыз жасап отыр деп айта аламыз. Мемлекет басшысының білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі қатысушыларына арнайы құттықтау жолдауы да – сала қызметкерлеріне құрметі, қолдауы деп білеміз.

Сондықтан, ұстаздарға еңбектеріңіз елене берсін демекпін. Білікті, білімді шәкірттеріңіз көп болсын. Бүгінгі кеңесте Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жаңа оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын мәлімдегенде, бүкіл залда отырғандар қолдағанын көрдік. Иә, саладағы қандай мәселені де ақылдасып, ұстаздармен келісіп барып шешкен дұрыс. Бүгінгі басқосуымыздың негізгі мақсаты да – осы. Білім беру саласындағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру тақырыбында да қызу тақырыптарды ортаға салып, Сіздермен ақылдаса отырып, шешімдерді шығармақпыз»,– деді  облыс әкімі С. Шәпкенов. 

555
33

Пленарлық кеңесте Білім беру саласындағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру тәжірибелерімен бөлісуге келген 10-ға жуық спикер баяндама жасауда.

Нұргүл  Насыр

Суреттерді түсірген Ерлан Алтыбаев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз