Жарнама
Білім

Атырауда болашақ суретшілер шығармашылық жобаларын қорғады

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Өнер және мәдениет» бөлімі бойынша 2024–2025 оқу жылындағы бітіруші студенттер шығармашылық жоба жұмыстарын сәтті қорғады.

a26226da 28cf 4c26 98c9 f4ec2207a767

Қорытынды мемлекеттік аттестаттау емтиханы комиссиясының төрағасы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Еркін Қоянғалиев болды.

– Бұл емтиханда тек кескіндеме емес, графика, қолөнер, кесте секілді түрлі бағыттар қамтылды. Студенттердің жұмыстарында аналар бейнесіне, елге еңбегі сіңген әйел тұлғаларға ерекше мән берілген. Атап айтқанда, Атыраудан шыққан Қатира Дүтбаева, ақын Фариза Оңғарсынова, ұшқыш Хиуаз Доспанова сияқты тарихи тұлғалар бейнеленген, – деді Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Еркін Серікұлы.

Қорғау барысында көрермендер назарына адамның ішкі жан дүниесін суреттейтін, Ұлы даланың рухын жеткізетін 19 туынды ұсынылды. Комиссия алқасы әрбір жұмысты жоғары бағалап, түлектерге шығармашылық табыс тіледі.

Нұрлыгүл ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button