Жарнама
Білім

Атырауда апатты жағдайдағы мектептер анықталды

2021 жылғы желтоқсанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Атырау облысына бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында 2018 – 2021 жылдары 17 мектепті салу кезінде 11 мектепте үш ауысыммен оқыту жойылмағаны анықталды. Апатты жағдайдағы 4 мектеп ғимаратында 1 514 оқушы білім алуда. Осыған байланысты, Атырау облысының әкімдігіне апатты және ескі үйлерді, апатты, үш ауысымды мектептерді жою бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеуге тапсырма берілді. Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Атырау облысының әкімдігі 2022 жылға арналған облыстағы апатты және үш ауысымды мектептерді жою бойынша іс-шаралардың жоспар-графигін әзірледі. Атырау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қазандағы № 3166 қаулысымен Атырау қаласының тұрғын үй қорын реновациялаудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

«Есеп комитетінің баспасөз қызметі»

Фото: иллюстратив

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button