Атырауда «Алтын белгі» иегерлері көбейген
Атырауда «Алтын белгі» иегерлерінің саны 40%-ға артқан.
Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Биыл Атырау облысында 11 сыныпты 5999 түлек аяқтайды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 4789 түлек өтініш берген. Оның ішіндегі 244 «Алтын белгі» және 243 үздік аттестатпен аяқтайтын үміткерлер. Өткен жылмен салыстырғанда өңірде Алтын белгі иегерлер саны 40%-ға артқан, деді А.Дүйсекенова.
Сонымен қатар ол 9-сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары осы жылдың 28 мамыр мен 6 маусым аралығы, ал 11 сынып оқушылары үшін 27 мамыр – 10 маусым аралығы болып бекітілген. Аттестат салтанатты түрде 2022 жылғы 16-17 маусымда тапсырылады.