Жарнама
Білім

Атырауда 57 оқушы диплом алады

Бұл мүмкіндікке Х-ХІ сынып оқушылары үшін жұмысшы біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу нәтижесінде қол жеткізілуде.

Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, республика Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бастамасымен Қазақстанда «Мектеп-Колледж» пилоттық жобасы жасақталды. Жобаға өңірден Атырау сервис колледжі «Аспаз» мамандығы, Атырау көлік коммуникация колледжі «Автомобиль жөндеу слесарі» мамандығы және Атырау энергетика және құрылыс колледжі «Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша қатысуда.

–Қазір осы колледждерде пилоттық жоба бойынша 57 оқушы білім алады. Яғни, олар мектептегі негізгі сабақтарынан кейін колледжге келіп оқиды. 2024-2025 оқу жылында «Аспаз», «Автомобиль жөндеу слесарі» мамандықтары бойынша 27 оқушы диплом алады деп жоспарлануда, — дейді басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button