Білім

Атырауда 1200 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы басталды

Еліміздің білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға айырықша көңіл бөлініп келеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында аталған салаларды нығайтуға бағытталған биік мақсаттарды айқындап берді. Білім саласын дамытуда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы басталған болатын. 2026 жылға дейін 740 мың орындық 369 жаңа форматтағы мектеп салынады деп жоспарланған. Аталған бағдарлама Атырау облысында да жүзеге асуда. «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы бойынша салынып жатқан білім ордасының бірі – Атырау қаласындағы Береке ауылындағы 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысы.

Тапсырыс беруші – «Samruk Kazyna Construction» акционерлік қоғамы. Келесі жылы аяқталады деп жоспарланған мектеп құрылысының бас мердігері – «Батыс Строй Сервис-Атырау» ЖШС. Бүгінде жертөле қабатының құрылысы аяқталып, аражабын тақталары орнатылып, бірінші қабаттың баған құрылысы жүріп жатыр.

zhajly mekteppppp

 – Құрылыс алаңында 8 бейнекамера орнатылды. Тапсырыс беруші компанияның операторлары жұмыс барысын тәулік бойы қадағалап отырады. Мұнда техникалық қауіпсіздік шаралары басты орында, жұмыстың сапалы аяқталуына мүмкіндік береді. Битрикс бағдарламасы бойынша апта сайын құрылыс барысын дронмен суретке түсіріп, ақпарат беріп отырамыз. Құрылыс алаңындағы 70-ке жуық жұмысшының барлығы да жергілікті азаматтар. Оған қоса арматуралық цех, қоймалар да жасақталған. Жұмысшылар күнделікті нұсқама бойынша жұмыс істейді. Алдағы уақытта жұмысқа қосалқы мердігерлер тартылады. Жұмысшылардың жайлы жұмыс істеуі үшін барлық жағдай бар. Құрылыс алаңындағы асханада күніне екі мезгіл тамақ беріледі, — деді «Батыс Строй Сервис-Атырау» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Мейрамгүл Жолдыбаева.

zhajly mekteppp

3,5 гектар аумақты алып жатқан құрылыс алаңында учаске бастығы, учаске шебері, техникалық қауіпсіздік жөніндегі маман, геодезистер, аспаздар, медициналық және техникалық қызметкерлер жұмыс істейді. Мектеп ғимаратының жалпы аумағы – 11749 шаршы метр.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button