Жарнама
Білім

Атырау университетіне шетелдік ғалым келді

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректоры Саламат Идрисов Түркияның Измир қаласында орналасқан Эге университетінен келген профессор, доктор Сечкин Сарпкаяны қабылдады.

82da5aab 1117 4be2 af0f 3c17142cd0d0

Кездесуде түркиялық профессорға оқу орынының негізгі бағыттары мен ғылым саласында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Орхун бағдарламасы аясында келген шетел ғалымы Атырау университетінде бір айға жуық уақыт дәрістер өткізіп, тәжірибесімен бөліседі. Сечкин Сарпкаяның ғылыми жұмысының негізгі бағыты түрік фольклорына негізделген. Негізінен Түркия, Әзербайжан және Иран ғалымдарымен – аңыз-әфсаналар, ертегілер, ойындар тақырыбын зерттеуде бірлесе жұмыс атқарған. Көптеген халықаралық конференциялар мен конгресстерде түрік және ағылшын тілдерінде баяндамалар жасаған оны ғылыми ортада жазушы ретінде де таниды.

7e559fda d655 4f87 a97a 5d7f488c280f

Эге университетінде аударма ісі, көптілді білім беру бағыттары бойынша шетелден келген студенттерге түрік тілін үйретуді қолға алған. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға кеткен Атырау университетінің студенттері де Сечкин Сарпкаядан дәріс алған.

Шетел ғалымының өңірге сапарының басты бағыттарының бірі – студенттерге дәріс оқу, магистранттарға шеберлік сағаттарын өткізеді деп жоспарлануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button