«Atyrau Teacher’s Summit-2024» шарасы өтеді
Биылғы 5-6 қаңтар күндері BINOM SCHOOL мектептері «Жайлы әрі қауіпсіз мектеп экожүйесі» тақырыбында Atyrau Teacher’s Summit-2024 шарасын өткізуді жоспарлап отыр. Оған өңірдің 600-ден астам педагогі қатысады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Саммит жайлы әрі қауіпсіз мектеп экожүйесін қалыптастырудың практикалық және теориялық алғышарттарын талқылауға бағытталған. Шара аясында сарапшылар мен педагогтер эмоционалдық интеллектті дамыту жолдары мен тәсілдерін, педагогтердің кәсіби қажуы, білім алушылар арасында буллинг пен суицидтің алдын алу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту стратегияларын қарастырады.
Екі күндік Саммит үш локацияда – М. Асаубаева атындағы креатив орталығында және BINOM SCHOOL мектептерінде өтеді. Айта кетелік, шара ұйымдастырушысы – «Білім Болашағы» ҚҚ.
Бірінші күні сарапшылар, тәжірибелі ұстаздар, сонымен қатар кәсіби психологтар мұғалімнің психологиялық жағдайының маңыздылығы, оның эмоционалды интеллектісі туралы дәрістерінде кеңінен тоқталады. Екінші күнімектеп, білім беру орталықтарының басшылары, еліміздің ең мықты мектептерінің ұстаздары шеберлік сыныптар, тәлімгерлік сағаттар, тренингтер мен воркшоптар өткізеді. Бұл күні «Оқушының таңдауына негізделген оқытудағы жеке тәсілдер», «Өнер түрлері арқылы оқушылардың эмоционалды интеллектісін дамыту», «Оқушылардың әл-ауқатына мектептегі жалпы көзқарас», «Инклюзивті білім беру контексіндегі мектеп пен ата-ананың серіктестігі» сияқты көптеген маңызды тақырыптар қозғалады.
Сондай-ақ саммит аясында педагогтер «Бастауыш білім беру», «Математика», «Әлеуметтік-эмоциялық сауаттылық», «Педагогика 3.0», «Science» тақырыптық тректері бойынша шеберлік сыныптарға, воркшоптарға, коучинг-тренингтер мен менторлық сағаттарға қатысады. Спикер ретінде шақырылған білім саласының кәсіби сарапшылары мен педагогтер «Мұғалімдердің жеке әл-ауқатының маңызы және дамыту жолдары» «Оқушының эмпатия картасын жобалау», «Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту: отбасы, мектеп», «Педагогтің эмоциялық интеллектісі. Балалардың үйлесімді дамуына арналған эмоциялық-интеллектуалдық орта», т.б. тақырыптар төңірегінде озық тәжірибелерін бөліседі, бірегей идеялары мен инновациялық ізденістері туралы кеңінен айтады.
Сондай-ақ бүгінгі күні өзекті саналатын буллингтің алдын алу, әсіресе, ерекше балаларды жәбірлеуден қорғау, дислексия мәселелері шеберлік сыныптарда терең талқыланады. Интерактивті форматта өтетін шеберлік сыныптарда тиімді тәжірибелер мен жаңа тәсілдерге баса назар аударту көзделген. Бұл іс-шара өңір педагогтарының кәсіби дамуына, ол арқылы облыстың орта білім беру сапасын арттыруға үлес қосатыны сөзсіз. Тұңғыш рет педагогтер үшін арнайы ұйымдастырылып отырған саммитті жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланған.
Шара 5 қаңтар күнісағат 10.00-деМ. Асаубаева атындағы креатив орталығында (М.Баймұханов көш., 45А), ал 6 қаңтарда09.30 сағаттаӘл-Фараби атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі мен Дінмұхамед Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде өтеді.