Атырау қаласында 7 мектеп салынуда
Облыс орталығындағы үш ауысымдық мектептерді жою мақсатында шаһарда жеті мектеп салынуда.
Бұл туралы қала әкімі Мейірім Қалауи тікелей эфир барысында атап өтті.
— Әрине, бұл жерде тағы бір мәселенің басы қылтияды. Еліміз бойынша білім беру сапасынан соңғы орында екеніміз жасырын емес. Оның үстіне, кейбір ықшамаудандарға жаңа мектеп салынғанмен, ата-аналар балаларын әлі күнге дейін орталықтағы білім ошақтарына әкелуге мәжбүр. Мысалы, Самал мөлтекауданында 600 орындық мектеп салынғанмен, онда тек 400 оқушы ғана оқиды. Ал, Авангард ықшамауданындағы №19 мектепте бала саны тым көп. Яғни, көпшілік білім сапасын, тәжірибелі мұғалімдердің аздығын алға тартып, орталыққа “жүгіреді”. Сондықтан, бұл мәселені шешу үшін білікті мамандарды шақыртуға министрлікке сұраныс жібердік, — деді шаһар басшысы М.Қалауи.
Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ