Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебіне барды

whatsapp image 2021 09 29 at 21.46.08 1 Білім

«Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебіндегі жоғары сынып оқушыларының негізгі бөлігі педагогикалық бағытта білім алуда – деп хабарлайды atr.kz Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

  • Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ауылдардан және өңірдегі жағдайы төмен отбасынан шыққан талантты балаларды қолдауды басты назарда ұстап отыр.

Сол себепті , мұндай қажетті орталықты кеңейтіп, өзге орындардан бөлімшелер ашу да артық етпейді. Орталықтың білікті ұстаздарының өңірдегі педагогикалық құраммен жаңа бағытта білім берудің жолдары туралы тәжірибе алмасуы маңызды – деді облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменова .

Ерекше атап өтерлігі, мұндағы жоғары сынып оқушыларының негізгі бөлігі педагогикалық бағытта терең білім алып жатыр. Сондай-ақ, әр оқушының ойлау қабілетін қалыптастырып, интеллектісін шыңдап, логикасын дамытуға мүмкіндігі бар. Өйткені, мектептің білім беру әдістемесі ерекше методикаға құрылған.

Оқушылармен жүздескен облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ұжымға ризашылығын білдірді.

Еске сала кетейік, «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің филиалы қыркүйектің 24-де ашылған болатын. 300 оқушыға шақталған орталықта қазір 100-ден аса оқушы білім алады. Олардың арасында шалғайдағы аудан, ауыл мектептерінен келгендер де бар.

whatsapp image 2021 09 29 at 21.46.08 2
whatsapp image 2021 09 29 at 21.46.07
whatsapp image 2021 09 29 at 21.46.08
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз