Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде халықаралық қатынастар департаментінің ұйымдастыруымен Әзербайжан Республикасының 100 жылдығына және мемлекет қайраткері Гейдар Әлиевтің туғаны 95 жыл толуына орай шара өтті.
Атыраулық университеттің студенттеріне 2011 жылдан бері Әзербайжан Республикасының Тұңғыш Президенті Гейдар Әлиев атындағы шәкіртақы беру дәстүрге енді. Биылғы шараға Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Эльхан Зейналов пен «Новруз» әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльдар Ахмедов қатысып, үздік оқуымен, сондай-ақ, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігімен танылған бес студентке атаулы шәкіртақыны табыс етті. Г.Әлиев атындағы стипендияны университет студенттері Парасат Жұмабай, Райымбек Ашықбаев, Ерлан Бабаш, Фаризат Арыстан мен Әсемгүл Қожаева иеленді.
Өз тілшіміз.