Атырауда орыстілді мұғалімдер жетіспейді
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Жас маман – 2018» шарасы өтті. Түлектерді еңбекке орналастыруға ықпал ету мақсатындағы жәрмеңкеге барлығы 130 мекеме өкілі қатысты.
Студенттер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасу арқылы қызметке орналасу шарттары туралы мағлұматтар алды. Айта кету керек, оқу орнын биыл 45 мамандық бойынша 1587 студент бітіреді. Оның 654-і – күндізгі бөлімде оқитындар.
Іс-шарада педагогикалық мамандықтар бойынша облыстық білім беру басқармасына қарасты қалалық, аудандық бөлімдер болды. 19 педагогикалық мамандық негізінде бітіретін түлектер саны – 249.
Аталған мамандарға аймақтан 584 сұраныс жолданса, басым бөлігі орыс тілді кадрларды қажет етеді. Ал, біздің өңірде орыс тілді мұғалімдер тапшылығы бұрыннан өзекті.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА