Ата-ана айыппұл төлей ме?

MkpFV6rsgBmW Білім

   Atr. kz / 19 – ақпан.  Сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-анасына  айыппұл салынатыны туралы ақпараттар әлеуметтік желіде кеңінен таралды.

Бұл мәлімет бірқатар ата-аналардың наразылығын тудырып үлгерді. Мәселенің анық-қанығын сұрап, редакцияға қоңырау шалып, хат жазып жатқандар да бар. Осы орайда, әлеуметтік желідегі айыппұлға қатысты ақпарат қаншалықты дұрыстығына көз жеткізіп көрдік.

MkpFV6rsgBmW
Фото – www.diapazon.kz

Ақпараттың  дұрыстығын білім беру басқарма басшысының міндетін уақытша  атқарушы Ақкенже Исанбергенованың мәліметінше, оқушы келмей қалған күні мұғалім сабақтан қалу себебін анықтайды. Себебі, анықталса ата-ана және баламен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Қажет болған жағдайда психологиялық, құқықтық қолдау, заңдылыққа сәйкес әлеуметтік көмек көрсетіледі. Сабақтан он күн себепсіз қалғанда білім беру ұйымы құзырлы органдарға құжаттарын жолдайды. «Ішкі істер және Білім саласындағы бақылау департаменттері ата-ананың бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін атқармағаны үшін заңдылыққа сәйкес ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-ші, 409-ші баптары бойынша әкімшілік айыппұл белгілейді» дейді аталған басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы  Ақкенже Аяпбергенқызы.

Жаһандану әлемінде қазіргі заманның мектептерінде оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындау керектігі айтылуда. Барлық оқушылар  жұмыс істеуге дайын болуы өте маңызды. Білім беру саласындағы осындай үлкен өзгерістер ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Жас ұрпақты тәрбиелеп, ХХІ ғасыр талабына сай біліммен қаруландыру – бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі. Білім ордасында оқу бағдарламасы бұрынғыдай емес қиындап кеткен. Осы орайда, аталған себеп бойынша мұғалімдерді де сөзге тарттық.

–  Әр өткен тақырып бойынша оқушыларға  жиындық бағалау өткіземіз. Сол себепті  оқудан қалмай сабаққа уақытылы келіп жүрген жөн. Егер бала бір күн сабақтан қалса, сол күнгі өткен тақырыптан түсінбей жатады. Ауырып немесе белгілі себеп болған жағдайда ғана сабақтан қалса кешіріммен қарауға болады. Бірақ, кейбір балалардың себепсіз сабаққа келмейтіндері де бар. Біздер сабақ уақытында оқушыларға жауап береміз. Сондықтан, күн сайын ата-анасымен байланысымызды үзбеуіміз қажет» деді  жас ұстаз Самал Төлепова.

Атырау қаласындағы Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп лицейінің 9 сынып оқушысы Әлихан Қайрғалиевтің пікірінше, сыныптастары кейде ауырып қалады екен. «Алыс жерде тұратындықтан ауа райына байланысты келе алмай да жатады. Менің оқу үлгерімім жақсы. Жылдан-жылға оқу бағдарламасы қиындап келе жатқандықтан, сабақтан қалмауға тырысамыз» деген ол қазіргі кезде қосымша сабақтар жиі болатынын, бір күн келмегенде тақырыпты толық меңгере алмайтынын айтты.

Гүлдана  ЖАМБОЗОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз