Жарнама
БілімҚоғам

«Астана – менің қалам» атты облыстық эссе байқауы өтті

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына орай жоғары сынып оқушылары арасында «Астана – менің қалам» атты облыстық эссе байқауы өтті.

«Астана – менің қалам»

Конкурста қала және аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасынан үздік деп танылған 24 үміткер бақ сынасты. Оқушылар байқау ережесіне сәйкес бір сағат ішінде көлемі 500 сөзден кем болмайтын эссені ағылшын тілінде жазулары тиіс болды. Кейін қатысушылар облыстық тарихи-өлкетану музейін аралап, құнды деректермен танысып, көрме тамашалады.

Байқау қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Мақат ауданынан келген Ж.Бағытжанова жеңіп алды. Бірінші орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Қ.Жалғасбаев иеленді. Екінші орынды №17 мектеп-лицейі шәкірті Д.Құтқожина мен Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы А.Қанат бөлісті. Үшінші орынға Жылыой аудандық мектебінің оқушысы А.Төлегенова, Исатай ауданынан келген А.Есболатова және №30 мектеп-гимназиясының оқушысы А.Сұлтановалар ие болды.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, қатысушыларға басқарманың дипломдары мен алғыс хаттары және арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button