Жарнама
БілімЖаңалықтар

Ақжар ауылында 290 орындық балабақша ашылды

Елімізде 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту міндеті тұр. Бүгін Қайыршақты ауылдық округіне қарасты «Ақжар-2» ауылында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жаңа балабақша пайдалануға беріліп, тұрғындарды қуантты.

Екі жыл бұрын құрылысы басталған «Ақжелкен» балабақшасы 290 орынға арналған. Оның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Серік Шәпкенов мемлекет тарапынан балалардың тиісті деңгейде тәрбие алып, сапалы білімге қол жеткізуіне жағдай жасалып келе жатқанын атап көрсетті.

a7d99c7f aa8e 4af0 82b2 67b76409f487

– Бала болашағымыздың кепілі екені белгілі. Бала тәрбиесі бесіктен басталып, балабақшада жалғасын табатындықтан оның орны ерекше. Облыс көлемінде жоспар бойынша балабақшалар санын көбейтіп жатырмыз. Былтыр 1000-ға жуық орынға арналған балабақшаларды ашсақ, биыл 2600 орындық балабақшаларды ашып жатырмыз. Бұған дейін 3 балабақша пайдалануға берілсе, бүгін 3 балабақшаның тұсауын кесілгелі тұр. Жылдың соңына дейін тағы 3 балабақша пайдалануға беріледі, — деді облыс әкімі.

Серік Жамбылұлының айтуынша, алдағы бес жылда облыста барлығы 8 мың орындық бірнеше балабақша ашылады екен.

Балабақша директоры Анар Жантаеваның айтуынша, балабақшада 12 топ болса, олардың әрқайсысында 25 орын қамтылған.

66d0c8c0 8095 4a95 8a1e 4c8d2846dd5e

– Балдырғандарды қаңтар айынан бастап қабылдаймыз. Мекемеде 39 маман жұмыс істейді, олардың 17-сі жоғары білімді жастар. Барлығы да ауыл тұрғындары, — деді Анар Мирболатқызы.

Балабақшаның тұсаукесу рәсімі ардагер-ұстаздар Сатқан Есенғалиев пен Злиха Дүйсекеноваға берілді.

90c0beaf cce7 4919 851c c9dcdead543a

Жалпы аумағы 4638 шаршы метрді алып жатқан қос қабатты ғимараттың құны – 1,3 миллиард теңге.

Алмас ҚАБДОЛОВ

суреттер автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button