Жарнама
Білім

Алгебра және геометрия пәндері біріктіріле ме?

Оқу-ағарту министрі Мәжіліс отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында алгебра және геометрия пәндерін біріктіріп оқыту туралы ұсыныстарға пікір білдірді. Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады.

«Ырысбек Мәуіт дейтін ғалым әлеуметтік желіде алгебра және геометрия пәндерін біріктіріп оқыту туралы ұсыныс айтты. Осы ұсынысқа не айтасыз? Неге біз совет заманынан қалған ескі тәсілмен сабақ беріп келеміз», — деп сұрады журналист.

Министр сала мамандары бұл мәселеде әлі бір тоқтамға келе алмай жатқанын айтты.

«Бұл дүниелерді біз тиісті мамандармен, сарапшылармен шешуіміз керек. Бүгінгі таңда ол мәселе бойынша үлкен талқылау жүріп жатыр. Екі түрлі пікір бар. Қосып оқытайық дейтіндер де, қоспай оқытайық дейтіндер де бар. Қазір сарапшылар тобы, ғалымдар, әдіскерлер мұғалімдер бір шешімге келген кезде ғана министрлік оны толыққанды қуаттайды. Әзірге ол сарапшылардың ортақ байламға келмегенін айтқым келеді. Қалай ортақ мәмілеге келеді, сол шешім бойынша жылжимыз», — деді ол.

Министр өзі математик болмағандықтан сол саланың ғалымдары айтқан пікірге қарап шешім қабылдайтынын айтты.

«Мен математик емеспін. Сондықтан математика сарапшылардың, нағыз мамандардың пікірін тыңдайық. Солар не айтады, сол шешіммен жүреміз», — деді Ғани Бейсембаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button