Жарнама
Білім

Алдағы екі жылда жаңа BINOM мектептері пайдалануға беріледі

Атырау қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері арқылы заманауи үлгідегі жаңа мектептер бой көтеруде. Білім беру нысандары өңірдегі мектеп тапшылығын азайтып, үш ауысымда оқыту және апатты мектеп мәселесін шешуге бағытталған. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының бас маманы Абылай Ережеп мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

866201ab f83b 4b96 b7c4 b6458a36446c

Бүгінде МЖӘ аясында қос ірі жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, Атырау қаласындағы Ақ шағала шағынауданы мен Драма театр аумағында әрқайсысы 2000 орындық BINOM мектептері салынып жатыр.

Ақ шағала шағын ауданындағы жаңа мектептің құрылысы былтыр желтоқсанда басталса, Драма театр аумағындағы мектептің қазығы биыл шілдеде қағылды.

108f85ee 1efd 4b81 afc1 2c339bd0ce92
  • Қазір екі мектептің де құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Ақ шағаладағы BINOM-ның 30 пайызы дайын. Мердігер мекеме жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Ал Драма театр аумағынан бой көтеретін мектеп құрылысы енді басталды. Оны 2026 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау көзделіп отыр, — деді А.Ережеп.

Бұл мектептердің салынуы бірнеше маңызды әлеуметтік мәселені шешеді. Нақтырақ айтқанда, Авангард шағынауданындағы №3 және №19 мектеп-гимназияларындағы, Драма театр аумағындағы жаңа мектеп №17 мектеп-гимназиясы мен №24 орта мектептеріндегі үш ауысымдықты жоюға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ апатты жағдайда деп танылған №30 мектеп-гимназиясының оқушыларын жаңа ғимаратқа көшіру көзделуде. Осылайша, жаңа мектептер арқылы ықшамаудандар мен іргелес аумақтардағы оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз білім алуына жағдай жасалады.

Аталған жобалар «Binom Barys» ЖШС-мен жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарттары негізінде жүзеге асырылуда. Мұндай тетік мемлекеттік қаржыны ұтымды әрі тиімді жұмсауға, сондай-ақ жекеменшік сектордың тәжірибесі мен ресурстарын тартуға жол ашады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button