АҚ КӨГЕРШІН ҰШЫРДЫ

Атырау қаласындағы Надежда Крупская атындағы №18 орта мектепке биыл 80 жыл толмақшы. Осынау айтулы датаны ескеріп,  «Соңғы қоңырау» кешіне қатысқан Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев мектепке сый-сияпаттар табыстады.

Биылғы оқу жылын мектептің 534 оқушысының 62-сі үздік аяқтап отыр. «Соңғы қоңырау» салтанатында Ерболат Ғұсманұлы 80 жылдық тарихы бар мектепте білім алған түлектер бүгінде әр салада қызмет атқарып, білім ордасының мақтанышы болып жүргендігін айтты.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», – деп жазушы Мұхтар Әуезов айтпақшы, баланың болашағы оның алған білімінің сапасына байланысты. Крупская атындағы орта мектепте өткен салтанатты шара соңында мектеп бітіруші түлектер армандарының символы іспеттес ақ көгершіндерді көкке ұшырды.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз