Тарихы талай ғасырлардан бастау алатын Киелі жерлер географиясы бағыты бойынша аймақта ауқымды істер атқарылуда. Сарайшық қаласын сақтап қалу, зерттеу және өзен жағасын бекіту мақсатында жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінгені – өз алдына дара тақырып.
– Аталмыш бағыт аясында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі «Халел ставкасы» тарихи-мәдени объектісінен Х.Досмұхамедовтің обаға қарсы жұмыстар жүргізген ғимарат орнын тапты.
– Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарихшылары темір дәуіріне (б.з.д. ІІ ғ.) жататын «Қарабау обалары» қорғандар кешеніне археологиялық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, сармат тайпаларының діни-ғұрыптық кешенін анықтады.
– Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын 7 нысанның (Қызылқорған қалашығы, Аралтөбе қорғаны, Дүйсеке мешіті, Дәрі қорымы, Ақын Мұрат Мөңкеұлының жерленген жері, Таскран шекаралық белгісі, Байбақты ата мазары) қорғау аймағын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Маусым-тамыз айларында жергілікті маңызы бар 32 ескерткішке қорғау тақталары орнатылды.
– Демеушілердің қолдауымен қоғам қайраткері Мақаш Бекмұхамбетов (Құрманғазы ауданы) ашқан мектеп ғимаратын (47 млн. теңге), Құрманғазы Сағырбайұлының киіз үйі ескерткішін (7 млн. теңге) реставрациялау жұмысы жүзеге асты.
Кітап бетінде – тарихи жәдігерлер
«Атырау облысында тарих және мәдениет ескерткіштері болып табылатын киелі жерлер» атты кітапша жарыққа шықты.
Еңбекке аймақтағы республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ескерткіштермен қатар, облыстағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын ала есепке алу тізіміне енген 49 нысан енгізілді.
Мұнайлы өңірде алғаш рет жарық көріп отырған бұл кітапқа тарихи-мәдени ескерткіштерге қатысты бұрын жинақталған экспедициялық материалдармен қатар, аңыз-әңгімелер енген. Таралымы – 500 дана. Кітапша Атырау өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері мен киелі жерлеріне қызығушылық танытқан көпшілік оқырмандарға арналған.
2018 — 2022 жылдарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 220 жобаны жүзеге асыру жоспарланды:
– Жалпы құны 20,4 млрд. теңге;
– «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы – 79 жоба (103,7 млн. теңге);
– «Рухани қазына» кіші бағдарламасы – 65 жоба (805,8 млн.теңге);
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»
— Арнайы жоба аясында Атырауда мәдениет пен өнерді шет елге таныту мақсатындағы шаралар белсенді жүргізілуде. Шығармашыл ұжымдардың алыс және таяу шетелдік мемлекеттерде 13 гастролдік туры, 10 көркемөнер көрмесі өтті. 2017 жылы іске асырылған жобалардың жалпы құны – 114 600 теңге;
— 2017-2018 жылдары Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры Түркиядағы Анкара қаласында Р.Отарбаевтың «Жасын ғұмыр», Италия мен Францияда М.Отарбаевтың «Баянды бақ», Р.Отарбаевтың «Жасын ғұмыр», Ш.Айтматовтың «Мәңгүрт» драмаларын қойды;
— Дина Нұрпейісова атындағы халық аспаптар оркестрі Венгрия мен Сербияда Қ.Сағырбайұлының, Д.Нұрпейісова, Қ.Ахмедияров, А.Жайымовтың шығармаларын орындап, А.Үлкенбаева мен Қ.Кәкімовтердің шығармашылығы таныстырылды. Париждегі (Франция) Гаво (Salle Gaveau) классикалық залында концерт берілді;
— «Нарын» халық аспаптар оркестрі концерттік бағдарламамен Түркия елінің Ыстамбұл, Австрия елінің Вена қаласында гастрольдік сапарларда болды. «Қоғамдық келісім» КММ Ресей Федерациясының Элиста қаласына (2-4 желтоқсан) Атырау өңірінің тарихын таныстырып қайтты.
– «Атамекен» кіші бағдарламасы – 76 жоба (19,5 млрд.теңге);
Баян ЖАНҰЗАҚОВА