Атыраулық оқушылар халықаралық байқаудан жүлдемен оралды!

whatsapp image 2022 06 08 at 11.55.48 Білім

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Абылай Амангелдіұлы, Ризабек Өтегенов және Сағынғали Айбар «INFOMATRIX-ASIA» халықаралық байқауынан жүлделі екінші орын алды.

Бұл туралы бізге аталған білім ұясының баспасөз өкілі Орынгул Махмуд хабарлады. INFOMATRIX – бұл әлемдегі ең жақсы IT студенттерін біріктіру ниетінен туындаған халықаралық компьютерлік жобалар байқауы. Байқау тек кәсіби шеберлікті дамытуға ғана емес, сонымен қатар, түрлі елдердің студенттері мен оқытушыларын тарту арқылы мәдениетаралық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Ал, біздің жеңімпаздар байқаудың «Volunteer Me» бағыты бойынша биіктен көрінді.

rprarparara

Аталмыш байқауды Сүлейман Демирель университеті (SDU) 2013 жылдан бері Қаскелең және Алматы қаласында ұйымдастырып келеді. Сайыс халықаралық және ауқымды байқау ретінде студенттерге әлемнің және Қазақстанның үздік университеттеріне түсу кезінде жоғары преференциялар алу және басқа да көптеген мүмкіндіктер береді.

Амандық АБДОЛ

whatsapp image 2022 06 08 at 11.55.47
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз