
Министрлік атыраулық талапкерлерге қосымша 500 грант бөлген
Атыраулық талапкерлерге бөлінген қосымша 500 грантқа құжат қабылдау басталды. Бұл жалпы республикалық білім беру грантынан бөлек, — деп хабарлайды Атырау универсиетінің баспасөз қызметі.
Аймаққа бөлінген грантпен талапкерлер қазақстандық жорғары оқу орындары мен елімізде ашылыған шетелдік университтердің филиалдарында мемлекет есебінен оқи алады. «Үміткерлер үшін Атырауға елімзідің әр аймағындағы жоғары оқу орындарының өкілдері келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Атырау университетінің қабылдау комиссиясынан барлық ақпаратты алып, мандықтарды таңдауға болады», — деді университет басқарма төрағасы-ректор С.Идрисов.

Биыл ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 93 232 білім беру гранты бөлген. Соның ішінде бакалавриатқа – 77 084, магистратураға – 13 229, докторантураға – 2 919 орын бөлген.
Білім гранттарына құжат қабылдау 13-20 шілдеаралығында өтеді. Талапкер өтінішін egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе кез келген жоғары оқу орнының қабылдау орталықатырна барып тапсыра алады.