Жастар неге өлең оқымайды?

whatsapp image 2022 04 25 at 15.24.24 3 Білім

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жергілікті ақындармен кездесу ұйымдастырылды.

Анығында, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Гүлзада Ниетқалиева, белгілі ақын Бақытгүл Бабаш, Ф.Оңғарсынова атындағы сыйлықтың иегері Ұлмекен Шаукенова оқушылармен рухани әңгіме өрбітті. Жастар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Әсіресе, шығармашылық шабыт, ақындардың тағдыры, жаңа туындылар, өміршең өлеңдердің шығу тарихы және басқа да мәселелер жиналғандардың қызығушылығын оятты.

Қонақтар бүгінгі қоғамның, соның ішінде жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын, проза мен поэзияға құштарлығы жөнінде өз ойларын білдірді. Содан соң өздерінің таңдамалы жыр шумақтарын мәнерлеп оқып берді.

Ұйымдастырушылар соңғы уақытта сиреп кеткен осындай тамаша кештер жалғасын табады деп сендірді.

«ХМБ НЗМ баспасөз қызметі»

whatsapp image 2022 04 25 at 15.24.24 2
whatsapp image 2022 04 25 at 15.24.24 4
whatsapp image 2022 04 25 at 15.24.24 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз