*ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРДЕЛЕУ: Қашықтан жұмыс жасаудың ерекшелігі неде?

efb100b81eff2776 Жаңалықтар

Atr.kz/4 тамыз, 2020 жыл. Пандемия жағдайы елдегі еңбек нарығына елеулі өзгеріс енгізді. Қазір көп адам жұмыстан уақытша қол үзіп қалды. Кейбір кәсіпорын-мекемелер қызмет режимін өзгертті. Мұндай жағдайда жұмысшы-қызметкерлердің құқығы қаншалықты қорғалады? Осы тақырып біздің бүгінгі журналистік зерделеуіміздің арқауына айналды.

 Карантин салдарынан кейбір компаниялар қызметін уақытша т о қ т а т у ғ а м ә ж б ү р б о л д ы . Әрине, оған ешкім кінәлі емес. Дегенмен, бұл жағдайда жұмыс беруші уақытша жұмыссыз қалушыға еліміз бойынша биылға белгіленген ең төменгі жалақы көлемінде еңбекақы төлеуі керек. Оның мөлшері 42 500 теңгеден кем болмайды. Білікті заңгер, қазақстандық мұнай- газ кешені салалық кәсіптік одағының Атырау облыстық ф и л и а л ы н ы ң т ө р а й ы м ы Салтанат Рахимованың айту­ынша, жұмыстан қысқартылған жағдайда әділетсіздікке жолықпау үшін қызметкер өз құқықтарын білуі керек.

– Пандемия кезінде көптеген кәсіпорындар тоқтап, жұмыс ауқымы айтарлықтай қысқарды. Осындай сәтте облыстық еңбек инспекциясы жұмысшыларды з а ң с ы з ж ұ м ы с т а н ш ы ғ а р у фактілерінің болмауын қатаң қадалағалап отыр. Маусым айын­да әлеуметтік әріптестікті дамы­ту бойынша жергілікті үшжақты комиссияның отырысында еңбек инспекциясының осы бағыттағы атқарған жұмысы тыңдалды, – деді Салтанат Асқарқызы.

Өзара келісімге сәйкес, облыстағы еңбек қатынастарына қатысты мәселе – басты назар­да. Туындаған даулы жағдайлар дер кезінде шешілуде. Соның нәтижесінде, өңірдегі аху­ал тұрақты. Жұмысы тоқтаған кәсіпорындардағы жұмысшылар жалақының 50 пайызы сақталатын демалысқа жіберілді. Кейбір жұмыс берушілер заңдылық бой­ынша ең төменгі жалақы төлеуде.

Үстемеақы төлене ме?

Жуырда редакцияға қала тұрғыны Гүлсезім Қалабаева хабарласты. Ол өзінің кадр ма­маны екенін, қазіргі уақытта қызметін қашықтан үйден жасап отырғанын айтты. «Жұмысты жеке компьютер және интернет арқылы жасаудамын. Жұмыс беруші бұған үстемеақы төлеуге міндетті ме?» деп сұраған еді. Біз бұл сауалды сұхбаттасушымызға жолдадық.

– Қашықтан жұмыс істеу – толыққанды жұмыспен қамтудың бір түрі болып табылады. Қызметкерлер штат құрамында болады, оларға жалпы кепілдіктер мен Еңбек Кодексінің талаптары қолданылады. Бұлай жұмыс жа­сау еліміздің Еңбек Кодексінің 138-бабымен реттеледі. Жұмыс беруші жұмыскерге коммуни­кация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және олар­ды орнату мен қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Жұмыскер меншікті комму­никация құралдарын тұрақты пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді. Оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді, – деп жауап берді С.Рахимова.

Тараптардың келісімі бойын­ша, қашықтан қызмет жасаушыға жұмыс беруші тиісті шығыстарды (электр энергиясы, судың құны, тағы басқа) өтеуі мүмкін. Ал, енді интернетке немесе жабдыққа ақы төлеу мәселесіне келсек, заңда бұлардың бәрі жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара келісіммен айқындалатыны к ө р с е т і л г е н . З а ң о н ы ң мөлшерін тікелей қарастырып, заңдылықтарын бекітпеген. Мәселенің тараптардың өзара келісімімен шешілетіні ғана көрсетілген. Сондықтан, егер, жұмысшының үйіне бұрыннан интернет желісі тартылған бол­са, оның жеке компьютері болса, оған үйден жұмыс жасауы үшін ешбір қосымша жабдық талап етілмесе, ол үстемеақы талап етуі де мүмкін.

Ал, егер жұмысшының үйінде интернет немесе компьютері болмаса, онда жұмыс беруші кеңседегі компьютерді оның үйіне жеткізіп беруге және б а й л а н ы с б о л у ы ү ш і н и н­т е р н е т қ о н д ы р т ы п б е р у г е міндетті. Заңгердің айтуынша, карантин кезінде қашықтағы қызметкерлердің жалақысы сақталуы тиіс.

Инспекцияға шағымдана алады

Азаматтардың жалақысы толық төленбеген немесе ақылы еңбек демалыс алуға мәжбүрлеген жағдайда еңбек инспекциясына шағымдануына мүмкіндігі бар. Қазіргі ахуалды негізге алып, жұмыс берушілер қызметкерлер еңбек құқығын шектеуге бол­майды. Бұл сөзімізді облыстық мемлекеттік еңбек инспекция­сы басқармасы басшысының орынбасары Думан Абеуов те растады.

– Биылғы жылдың алты а й ы н д а б а с қ а р м а ғ а о б л ы с аумағындағы мекемелер мен кәсіпорындар бойынша түскен барлығы 687 шағым тіркелді. Оның 597-і қаралып, нәтижесінде 261 азаматтың еңбек қатынастары б о й ы н ш а к о н с т и т у ц и я л ы қ құқығы қорғалды. Сондай-ақ, өтініш түскен бойда еңбек инспекторлары жедел түрде жұмысшылардың құқықтарын қалпына келтіргендіктен 21 аза­мат өтініштерін қайтарып алды. Шағымданушылардың 2,5 млн. теңге жалақысы өндірілді және 4 жұмыскермен еңбек шартта­ры жасақталды, – деді Думан Әлиасқарұлы.

Көрсетілген мерзім ішінде мемлекеттік еңбек инспек­торлары 74 тексеру жұмысын жүргізді. Оның барысында 120 заң бұзушылық анықталды (еңбек қатынастары – 105, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау – 8 және халықты жұмыспен қамту – 7). Оны жою үшін 57 нұсқама берілді. Соған байланысты еңбек заңнамасының бұзылған деректері бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы көлемі 13,2 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Е ң б е к и н с п е к т о р л а р ы жұмысшының еңбекақысын төлемеу мен кідірту жағдайларына жол бермеу мақсатында ай сай­ын мониторинг жасайды. Тиісті құзырлы органдармен бірлескен жұмыстардың қорытындысында осы жылы 66 жұмысшының 27 млн. теңге жалақысы өндірілді.

А з а м а т т а р д ы ң е ң б е к қ а т ы н а с т а р ы с а л а с ы н д а ғ ы құқықтық сауаттылық деңгейін және жұмыс берушілердің ж а у а п к е р ш і л і г і н а р т т ы р у ма қ с а т ы н д а е ң б е к и н с п е к ­циясы түсіндірме жұмыстарын күшейтті. Тұрғындармен тұрақты байланыс жасауда. Мәселен, об­лыс әкімдігінің «Telegram» ка­налы, еңбек инспекциясының « F a c e b o o k » п а р а қ ш а с ы , басқарманың «1302» және +77719927263 (WhatsApp) сенім телефоны арқылы азаматтар еңбек мәселесіне қатысты сұрағына жа­уап ала алады.

ТҮЙІН.

Мамандардың айтуынша, экономикалық жағдай қызметкерлер санын қысқартуға себеп болса, жұмыс беруші оны жүзеге асыра алады. Ондай жағдайда жұмысшыға белгіленген мөлшерде өтемақы төленеді. Сондай-ақ, тараптар келісе оты­рып, қашықтан жұмыс істеу режиміне көше алады. Ал, егер жұмыс процесі қашықтан істеуге мүмкіндік бермесе немесе қызметкер жұмысқа келе алмаса, онда жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан босатуға құқылы. Дегенмен, жұмыс берушілер мейлінше жұмыс орындарын сақтауға мүдделі болып отыр. Өйткені, жұмыс орны қысқарса, азаматтар жұмыссыз қалса, бұл еңбек дауына, түсінбеушілікке әкелуі ықтимал. Сондықтан, жұмыс берушілер мүмкіндігінше жұмыс орнын сақтап, жұмыс процесін тоқтатпаудың тиімді, заңды жолдарын пайдалануда.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Жұмыс берушінің заңсыздығына тосқауыл қойылды

Азаматтардың еңбек құқығын қорғау мәселесі әлі күнге өзекті. Осы санаттағы сот істері азаймай отыр. Өткен жылы Атырау қалалық сотында осы санат бойынша 136 азаматтық іс сот шешімімен аяқталып, 40 іс бойынша татуласу келісімі бекітілген.

Біраз уақыт бұрын қолданыстағы Еңбек кодексінің жұмыс беруші жағында екендігі және тараптар құқығын теңестіру қажеттігі талқылауда болды. 2020 жылғы 4 мамырда Мемлекет басшысы Еңбек саласындағы заңға қол қойды. Негізгі өзгерістер дәл осы Еңбек кодексіне қатысты болды.

Еңбек кодексіндегі 50-баптың 3-тармағының алынуы елеулі өзгерістің бірі. Ол бойынша жұмыс беруші өзіне ыңғайлы уақытта, ең аз өтем белгілей отырып, жұмыскерді жұмыстан шығару құқығына ие еді. Жұмыс берушілердің осы ережені өз пайдасына теріс қолданғаны да жасырын емес.

Бүгінде адал емес жұмыс берушілерге осы «айланы» қолдануға тосқауыл қойылды. Келісу комис­сиясын құрудың жұмыс беруші міндеті ретінде қабылдануы да Еңбек кодексіне енгізілген маңызды өзгерістер (23-бап). Мұндай міндеттің болмауы құқықтық олқылықтың туындауына әкелді, заңмен бекітілген еңбек дауларын қарау тәртібін бұзды. Бұл бағыттағы өзгерістер жұмыскерлердің де, жұмыс берушілердің де бұзылған еңбек құқығының барынша тез қалпына келуіне ықпал етеді деп санаймын.

Қандай да бір кемсітусіз жұмыскерлердің бірдей еңбек үшін бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдайларға қатысты құқығы туралы өзгеріс біздің аймақ үшін өте өзекті. Осылайша, заңнама қазақстандық және шетелдік жұмыскерлердің тең емес жағдайда екендігі туралы дауына қатысты нүкте қойды. Тұтастай алғанда, еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының дау-дамайдың еңбек ұжымында шешілуі қажет деген ұстанымына сәйкес келеді.

Қанатбек САЛЫҚБАЕВ,

Атырау қалалық сотының судьясы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз