«ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ-2030» – 25 ЖЫЛ: Жол бойында да бизнес бар

1514455327 26167418 2094295530791383 2892178598097821959 n Жаңалықтар

Atr.kz/15 қаңтар, 2020 жыл. Тұрақты дамудың үш компонентері арасындағы тығыз өзара байланыстың болуы климаттық өзгерістердің маңызды салдарлары және шектелген табиғи ресурстарды сақтау және «жасыл» экономикаға ауысу қажеттілігі айқын болған қазіргі жағдайда ерекше өзектілікке ие болады. Аталған ұлттық жобаның жарияланғанына да биыл ширек ғасыр (25 жыл) толып отыр.

Осыған орай, белгіленген 17 мақсатқа арнап бірнеше мақалалар циклын жазғанды жөн көрдік…

2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттары:

1-мақсат. Барлық жерде барлық түрлердегі кедейлікті кедейлікті жою.

2-мақсат. Ашаршылықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу.

3-мақсат. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлығына кез келген жаста сау болуына ықпал ету.

4-мақсат. Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету

5-мақсат. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

6-мақсат. Барлығы үшін су ресурстарының болуын және оларды тиімді пайдалану мен санитарияны қамтамасыз ету.

7-мақсат. Барлығы үшін қымбат емес, сенімді, берік және заманауи энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

8-мақсат. Ілгерілемелі, барлығын қамтитын және тұрақты экономикалық өсімге, баршаның толық және өнміді жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмысына жәрдемдесу.

9-мақсат. Тұрақты инфрақұрылымды жасау, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыруға және инновацияларға жәрдемдесу.

10-мақсат. Елдер ішіндегі және олар арасындағы теңсіздікті қысқарту.

11-мақсат. Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

12-мақсат. Тұтыну мен өндірудің оңтайлы модельдеріне көшуді қамтамасыз ету.

13-мақсат. Климаттың өзгеруіне және оны салдарларына қарсы күрес бойынша жедел шараларды қолдану.

14-мақсат. Мухиттерді, теңіздерді және теңіз ресурстарын тұрақты даму мүдделерінде сақтау және ұтымды пайдалану.

15-мақсат. Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды оңтайлы пайдалануға жәрдемдесу, орманды оңтайлы пайдалану, шөлге айналуға қарсы күрес, жердің тозуы үдерісін тоқтату және кері бұру және биологиялық алуан түрліліктен айырылу үдерісін тоқтату.

16-мақсат. Тұрақты даму мақсатында бейбітшіл және ашық қоғамды құруға жәрдемдесу, барлығына арналған сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және бұқараның қатысуына негізделген мекемелерді құру.

17-мақсат. Тұрақты даму мақсатындағы Жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру.

***

Көлікпен аймақтық және халықаралық жолдармен жүйткіп келе жатып қызмет көрсету нысандарын байқаған боларсыз. Мұнда жолаушылар мен көлік жүргізушілерге сервистің сан түрі ұсынылады. Ал, соларды ашып отырған кәсіпкерлердің күйі қалай, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіле ме?

Рас, бизнес жайлы сөз болғанда жол бойынан жұмыс тапқандар жайлы көп айтыла бермейді. Себебі, бұл кәсіптің кірісінен шығысы көп. Әйтсе де, қиындыққа қасқайып қарсы тұрып бизнес бастағандар бар. Солардың бірі – атыраулық кәсіпкер Шынар Мүрсәлиева. Ол қанша қиын болса да өз кәсібінен бас тартпайтынын айтады.

– Жол бойында менің шағын шайханам бар. Берекесіз бизнес болмайды десек те, мұндай кәсіп көп жағдайда өз құнын ақтай алмайды. Бірақ, мәселе онда емес. Ең маңыздысы, инфрақұрылым жүйесінің жүргізілмеуі. Егер жергілікті әкімдік жарық пен газ тартып алуға көмектессе, қалғанын өзіміз жасап аламыз. Ал, жарық пен жылуы жоқ жерге кім аялдайды? Менің ұсынысым, кезінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалар жалғасын тапса екен, – дейді ол.

Қолымыздағы деректерге сүйенсек, Атырау – Ақтөбе республикалық тасжолында жеті және Астрахан – Атырау тасжолында бес демалыс орны бар екен. Осы орайда, «Қазавтожол» мекемесінің ұсынысымен Атырауда жол бойындағы қызмет қауымдастығы құрылған болатын. Себебі, жол сервисі ұлттық стандартқа сай болуы тиіс.

Бірақ, бұл жерде кәсіпкердің мүмкіндігі ескерілмей отыр. Мәселен, көршілес Астрахан, Құлсары, Махамбет, Индер жолдарында шайхана сияқты нысандар өте көп. Әйтсе де, олардың бәрі де шағын кәсіпке жатады. Демек, инфрақұрылым жүйесін жүргізуге олардың күші жетпейді. Міне, осы мәселені шешу үшін «Қазавтожол» ұлттық компаниясы мен «Бәйтерек» венчурлық компаниясы он жылға несие беру бағдарламасын ұсынып отыр. Тіпті, соның сегіз пайызын субсидиялауға да дайын. Ол аз десеңіз, 7-8 жылға каникул алып, несиенің барын бір сәтке ұмытып та кетуге болады.

Жә, құп делік, жеңілдікпен қарыз алғанның несі айып дерсіз. Ал, оның артында құны қымбат кепілзат жатқанын жоққа шығаруға тағы болмайды. «Қазавтожол» мекемесінің бас менеджері Еркебұлан Тұрсынбаев жуырда ғана Атырауға келген сапарында аталған бағдарламаның әзірге пилоттық режимде жұмыс жасайтынын айтты.

– Қанатқақты жобаны жүзеге асыру үшін ел қазынасынан 15 миллиард теңге бөлінді. Соның нәтижесінде кәсіпкерлерге аукцион арқылы жер бөлу, инфрақұрылым жүйесін жүргізу, жол жөндеу мәселелерін шешіп алуға болады. Соңғысы тек реконстуркциялық жөндеу аясында ғана жасалады.

Жалпы, елімізде 1819 нысанның 850-і стандартқа сай келмейді. Тең жартысы халықаралық талапқа жауап бере алмайды. Сондықтан, алда талай жұмыстар атқару керек. Соның ішінде, тазалықты әжетханалардан бастау керек. Қазір кәсіпкерлерден келіп түсетін арыздың көбісі жер алуға қатысты. «Бәйтерек» компаниясы қол ұшын созуға дайын, тек мүдделі жандар табылса жеткілікті, – деді ол бізге берген сұхбатында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Несие алу жолдары:

1.Банк кепілдемесін алу үшін әріптес банкке арыз беру.

2. Әріптес банктің нормативтік құжаттары бойынша жоба сараптамасын алу.

3. Әріптес банктің хаты мен тәуелсіз бағасын қосып венчурлық қорға арыз қалдыру.

4. Қаржыландыру бойынша қордың экспресс талдамасын алу.

5. Қор, әріптес банк және арыз беруші арасындағы құжаттарға қол қою.

6. Әріптес банк қорға банк кепілдемесін ұсынады.

7. Қор арыз берушінің шотына қаражат аударады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз