Жерлеуден жемтік іздегендер жазасыз қалмауы тиіс

crop bc00085f 1439543697 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/28 шілде, 2020 жыл. Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтік комис­сия мәжілісінде аймақ басшыларына елді жайлаған пандемия кезінде ауруға шалдығып, қайтыс болған адамдардың есебінен пайда таппақшы болған алаяқтық әрекеттердің алдын алып, жерлеу қызметін атқаратын жұмысшылардың оның бағасын негізсіз өсіруіне жол бермеуді қатаң қадағалауды тапсырғаны белгілі.

 « . . . К е й б і р п ы с ы қ т а р пайда табу үшін барлық адамгершілік қағидаттарын аттап өтіп, халықты алдау мен бопсалаудан тайынбайды. Мәйітханалар мен жерлеу қызметінде сорақы тірліктер жасалып жатыр. Тек соңғы екі аптада мәйітті тасымалдау және жерлеу үшін төленетін ақы шамадан тыс өсіп кеткен. Мұны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Әкімдерге бір күн ішінде «жерлеуден жемтік іздегендерді» жөнге келтіруді тапсырамын» деді Президент.

Бұл тұрғыда, Атырау облыс- тық дін істері басқармасы та­рапынан жерлеу рәсімдерімен айналысатын ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізілді. Басқарма басшысы Қайролла Көшқалиевтің ай­туынша, жерлеу рәсімдеріне қажетті құрал-жабдықтар мен көрсетілетін қызмет бағасын көтермеу және ұсынылған қызметтерге қосымша ақы та­лап етпеу жөнінде түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде, белгіленген тарифтердің бірқалыпты сақталғаны белгілі болды.

Мәселен, жерлеу рәсімімен ш ұ ғ ы л д а н а т ы н ж е к е кәсіпкер Сырым Құлшиевтің мәлімдеуінше, марқұмды жерлеу үшін 57 мың теңге көлемінде (30 мыңы – қабірді қазуға, 25 мыңы – қабірге қажетті құралдарды сатып алуға, қалғаны басқа да ұсақ-түйек шаруаларды үйлестіруге) жұмсалады. Ал, христиан бағытындағы православтық жерлеу рәсімі бойынша жеке кәсіпкер Николай Голубевтің «Память» атты діни салт-жоралғы бюросының қызметі де 25-50 мың теңгенің шамасын­да болып шықты. Оның ішінде, табыттың бағасы – 18-25 мың теңге аралығында, қаралы гүл дестесі – 2 500 теңге және одан жоғары, қалғаны – қажетті ұсақ-түйек заттар мен мүрдені тасымалдау қызметіне төленеді. Тексеру барысында қолданыстағы тарифтерді көтеріп, қымбаттату дерегі тіркелмеді. Қайтқан адамдар­ды жерлеу үшін жер телімі мемлекет есебінен тегін бөлінуде.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметіне сәйкес, Қазақстанда ко­ронавирус инфекциясы­нан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгерді. Алғашқысында, қатерлі індетпен ауырып, дүниеден ө т к е н д е р б е л г і л і б і р қауымда жерленетін болса, соңғысында санитарлық- эпидемиологиялық және гигиеналық ережелерді қатаң сақтай отырып, кез келген зиратта жерлеуге рұқсат етілді.

Облыста COVID-19 індетіне байланысты құрылған өңірлік комиссияның алгоритміне сәйкес, короновирустық и н ф е к ц и я д а н қ а й т ы с болғандардың мүрдесін жер­леу шаралары тиісті талапқа сай ұйымдастырылады. Оны қамтамасыз етуге облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық паталого-анатомиялық бю­росы, дін істері басқармасы, ішкі істер департаменті, ішкі саясат басқармасы, облыстық сот медициналық сарапта­ма орталығы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, обаға қарсы күрес станса­сы, қалалық және аудандық әкімдік қызметкерлері жұмылдырылған.

Жерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін қабірдің басын­да пайдаланылған құрал- саймандарды, қорғаныш киімдерін, автокөліктерді тиісті концентрациядағы және экспозициядағы дезин­фекциялау құралдарымен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп отырады. Соны­мен қатар, діни бірлестіктер өкілдерінің коронавирус инфекциясына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Ж у ы р д а Қ а з а қ с т а н м ұ с ы л м а н д а р ы д і н и басқармасы коронавирус індеті кезінде жаназа намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге қатысты мәлімдеме жасады. Нақтылай кетсек, мұнда жа­наза намазына және жерлеу­ге қатысушыларды қосқанда 10 кісіден артық жиналмау, рәсімнен кейін ас беру, жетісі, қырқы, жүзі сияқты қаделерін өткізуді тоқтату қажеттігі қаперге берілді.

«Бір үйдің кісісі өлсе, қаралы ол» деп данышпан Абай айтқандай, егер қандай да бір дін қызметкері немесе жерлеу рәсімдерімен айна­лысатын кәсіпкерлер мен жекелеген қызметкерлер тарапынан жерлеу рәсімінде пайдаланылатын құрал- жабдықтарға, қосымша қызметтері үшін негізсіз артық қаражатты талап ету фактілері анықталса, қ ұ з ы р л ы о р г а н д а р ғ а шағымдан у ғ а бо л а д ы . Қалай еткенде де, ел-жұрт, қоғам болып, жерлеуден жемтік іздегендердің жо­лына тосқауыл қойып, олардың жазасыз қалмауын қадағалауымыз қажет.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз