Желіні жарған дезинфекционист жігітке қатысты түсінік берілді (+ВИДЕО)

pragn 1 БЕЙНЕЖАЗБА

Аtr.kz/29 мамыр, 2020 жыл. Атырауда жүгіріп жүріп дезинфекция жасаған жігіттің видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тараған болатын.

Осыған орай, «Дезинфекшн» ЖШС түсініктеме берді.

https://www.instagram.com/p/CAxGTFRg91s/?utm_source=ig_web_copy_link

«Біз үшін дезинфектордың денсаулығы маңызды. Санитарлық нормаға сай киінген. Қауіпсіздік сақталған, мұрнында респиратор, көзінде көзілдірік, басында бас киім, қолында қолғабы, үстінде мамандандырылған киімі мен аяқ киімі де бар. Тек қана дезинфектордың артынан түсірілгендіктен байқалмаған. Алайда, ерітіндіні шашу кезінде шашу техникасын бұзып, жүгіріп жасап қателік жіберді. Бұл жігітпен біз түсіндірме жұмысын жүргіздік. Қазір жұмысын жалғастыруда» деді аталған компанияның биолог-энтомологы Айнагүл Дәулетиярова.

https://www.instagram.com/p/CAu6KlMAzW2/?utm_source=ig_web_copy_link

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/qasym-zhomart-toqaev-pandemi%d1%8fnyn-zardaby-asirese-tenizge-shygatyn-zholy-zhoq-damushy-elderge-qatty-tidi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз