Жауапкершілік жүгі жеңілдемесе игі

АПТА: түйін Жаңалықтар

Биыл Атырау облыстық ішкі істер департаменті ұялы телефондарды сақтайтын кеңселік жиһаз дайындау қызметі бойынша мемлекеттік сатып алу негізінде байқау ұйымдастырған болатын. Нәтижесінде Қарағанды облысының «UMEF» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанған. Алайда…

%d0%b6%d0%b0%d1%83%d0%b0%d0%bf%d0%ba%d0%b5%d1%80%d1%88%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%ba-%d0%b6%d2%af%d0%b3%d1%96

– Атырауда өкіліміз жоқ болғандықтан, Қарағанды облыстық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгіндік. Олар атыраулық кәсіпкерлер палатасымен байланысқа шықты. Нәтижесінде, мүддемізді атыраулық заңгер Жоламан Мұсағалиев қорғады. Сөйтіп, білікті маман көмегімен мәселе шешімін тапты, – дейді аталған серіктестік директоры Надежда Штеркель.

Қызмет бағасын ұсынған өтініште техникалық қате кеткен. Яғни, 18 жиһазға есептелген соманың орнына бір шкафтың құны ғана көрсетілген. Сондықтан, аталмыш серіктестік келісім-шарттың күшін жоюды ұсынған. Алайда, ішкі істер департаменті Атырау облысының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына кәсіпорынды «жауапсыз өнім жеткізуші» деп тану жөнінде шағым түсіреді.

Осылайша, көп айға созылған сот ісі кәсіпкердің пайдасына шешілді. Аталмыш компания басшылығы Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасына Алғыс хатын жолдады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған