Жат ағымға алданба, жас ұлан!

Жат а•ым•а алданба жас ¤лан 1 Жаңалықтар

Жат ағымның жетегінде жүрген азаматтарға қатысты биыл 18 қылмыстық іс қозғалыпты. Бір қызығы, дін атын жамылғандар жезөкшелердің жын ойнағына жағдай жасап, жеңгетайлықпен айналысқан. Олардың арасында адамдарды күштеу жолымен бас бостандығынан айырып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, есірткі сақтағандары да бар болып шықты. Бұл туралы Атырау облысы әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысында ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Ербол Оңғаров мәлім етті.

%d0%b6%d0%b0%d1%82-%d0%b0%e2%80%a2%d1%8b%d0%bc%e2%80%a2%d0%b0-%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%b0-%d0%b6%d0%b0%d1%81-%c2%a4%d0%bb%d0%b0%d0%bd-1

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен кеңестің қорытынды отырысында  баяндамашы Ербол Оңғаров жат ағымды ұстанушылардың арасында қару-жарақ сақтау, адам өлтіруге дайындалу, көлік құралының сәйкестендіру нөмірін жасау, ұрлық, кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың да барын айтты. «Діни әдебиеттерді заңсыз  тарату фактісі бойынша 476 дана баспа өнімі тәркіленді. Атыс қаруын тәркілеу фактісінің 11 дерегі тіркелді» деп атап өтті ол.

Теологиялық білім алу мақсатында Таяу және Орта шығыс елдеріне 129 атыраулықтың аттанғаны белгілі болды. «Оның 94-і елге оралды. Отыз бес адам оқуын жалғастыруда. Елге оралған азаматтармен арада профилактикалық жұмыс жүргізіліп, оларға өз еркімен дәріс беріп, дағуат жүргізуге болмайтындығы түсіндірілді» деді Атырау облысы ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Ербол Оңғаров.

Сала маманы тағы бір қызықты мәліметтермен бөлісті. Жат ағымдағылардың көпшілігі «отты нүктелерге» негізінен Ресей, Түркия мемлекеттері арқылы өтеді екен. «Жедел мәліметтерге сәйкес,  73 адам шетке шығып кетті. Олардың арасында кәмелетке толмаған 42 бала бар. қырық адам – халықаралық іздеуде жүргендер. Шет ел асқандардың ішінде  экстремизм бабы бойынша сотталғандардың туыстары да бар. Профилактикалық жұмыстар нәтижесінде  бір отбасы бес баласымен елге оралды»  деді ол.

%d0%b6%d0%b0%d1%82-%d0%b0%e2%80%a2%d1%8b%d0%bc%e2%80%a2%d0%b0-%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%b0-%d0%b6%d0%b0%d1%81-%c2%a4%d0%bb%d0%b0%d0%bd

Діни атрибуттағы киімдермен оқу орындарына келіп жүрген колледж студенттері мен оқушыларының саны 240-ты құрап, жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда олардың саны 75-ке азайып отыр. Бұл туралы Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова мәлімдеді. «Ата-аналармен, оқушылармен арада түсінік жұмыстары жүргізілуде. Кездесулерге білікті сала мамандары, теологтар қатысуда. Нәтижелер бар» деп атап өтті ол.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев оқушылар арасындағы жағдайдың негізінен еліктеушілік салдарынан орын алып отырғанын айтты. «Мектеп басшыларын, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдерді дін атын жамылған теріс бағыттағы оқушылармен, ата-аналармен жеке дара қалдырмай, біз біртұтас қоғам, күш екенімізді білдіруіміз керек. Экстремизм көп болып күресетін індет» деген ол діни тақырыпта түсірілген фильмдерді ғаламтор әлемінде, қоғамдық өмірде көбірек насихаттауға шақырды.

Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз