Жәрдемақыға үй жалдап жүр: атыраулық алты баланың анасы қазіргі жағдайы туралы айтты

5719677a 5ee4 492e 8bf0 365901e5e606 Жаңалықтар

Елімізде жарияланған карантиннен талай адамның екі қолына бір күрек таба алмай, қиналғаны рас.

Жұмыссыздықты бір ауыз сөзбен жеткізсек, ол – кедейлік. Яғни, ішер асқа, киер киімге, тұтынар затқа ақша таба алмау. Қарапайым қағида: «Еңбек етсең, емерсің». Жақсы жағдай, жайлы тұрмыс – бәрі адал еңбектің арқасында келеді. Еңбек деген – күнелтіс көзі, еңбек деген – ақша. Жұмысың болмаса, еңбек етпесең, әрине, мұның барлығынан ада боласың. Өзің де, отбасың мен бала-шағаң да қиналады.

 Күн жексенбі болатын. Қалаға таяу Бірлік ауылына №54 маршрут қатынайтындықтан, бір топ жолаушы соны күтіп тұрмыз. Демалыс болғасын ба, автобус сирек жүреді екен. Біршама уақыттан соң сол бағыттың тұрғындары өзара келісіп, таксиге отыра бастады. Біз де олардың маңдарына жақындап, көліктен орын таптық. Діттеген жерімізге келген соң қағазға жазып алған мекен-жайды іздестіріп, біраз сенделдік. Ақырында сол отбасының Мариям атты сегіз жастағы қызы алдымыздан шықты. Өзі ашық бала көрінді. Қойған сұрағымызға толық жауап қайтарып, өзі де әңгіме бастап қояды.

 Күйі кеткен өте ескі үйді жалдап тұратын оның ата-анасы – Ерлан Аязбаев пен Тілектес Жалаудың алты баласы бар. Пандемия кезінде жасап жүрген жұмысынан уақытша шеттетілген барша жұмысшы секілді Ерлан да шақыртуды күтіп жүр. Бірақ, соған дейін қолынан келетін шаруаны жасап, отбасын асырау қамында екен.

 – Басымызда баспанамыз жоқ, басты проблемамыз осы. Балаларға айына 60 мың теңгедей көмек аламыз, соның 35 мыңын үйге төлейміз. Бір жақсысы, жолдасым қандай жұмыстан да қашпайды. Біреудің есігін қондырып беру, екіншінің үйіне тұсқағаз желімдеу, үшінші кісінің еденін төсеу – бәрі қолынан келеді. Үш ұл, үш қызымыздың жартысы мектеп жасында, қалғаны үйде. Өзім бала тәрбиесімен, солардың күтімімен отырмын. Бұйырса, жетінші сәбилі боламыз… – дейді Тілектес бізбен арадағы әңгімесінде. Құдай көпсінбесін, өзі суық, әрі ескі үйдің іші толған бала. Үлкені – Мариям, содан кейін Ильяс, Анелия, Иса, Асма, Ибраһим біріне бірі қарасып, қамқорлап жүр. Көп балалы шаңырақтың, шыны керек, шығыны да көп.

Оларға тамақ та, жылы киім де, басқа да заттар молынан қажет. Әңгіме арасында білгеніміз, бұл шаңыраққа көрші апайлар қарасады екен: бірі теледидарын, бірі шкафын, бірі төсенішін, бірі кереуетін берген. Байқағанымыздай, балалардың жылы киімдері де артық етпейтіндей. Тілектес ешкімнен ештеңе сұрамайтындарын, өткен сәуір айында мешіттен азғантай ет алғандарын айтады. Үй маңындағы азық-түлік дүкендерінен тамақты қарызға алатындарын, күйеуі ақша алып келген бойда есептесетіндерін де жасырмады. Жер мен көктей айырмашылық «Бір қозы артық туса, бір түп жус ан артық шығады». Дұрыс.

Дегенмен, сол артық шыққан жусан – несібе көктен түсіп жатқан жоқ, оны да баланың ата-анасы маңдай термен тауып беруі керек. Қазір облыста 19 мыңға жуық көп балалы отбасы болса, соның біразының әкесі не анасы жұмыста жоқ. Олардың арасында Ербол мен Тілектестей шиеттей баламен әркімнің сарайын, ескі де суық үйлерін пәленбай теңгеге жалдап жүргені қаншама?! Шыны керек, олардың көбі балаларының жәрдемақыларымен ғана күнелтуде.

 А л, енді  шетелдерде балалы отбасылардың жағдайы қандай? Айталық, Францияда бала саны көбейген сайын салық мөлшері азайып отыратын болса, төрт балалы шаңырақ салық төлеуден мүлде босатылады. Германияда балалы отбасыларға несие неғұрлым жеңіл пайызбен беріледі. Ал, швециялық балалар балабақшаларға тегін барады, ата-аналары пәтерақы төлеуден босатылады. Польшада мүгедек баласы бар отбасыларға жәрдемақыны еселеп төлейді. Мұндай құрмет Финляндия, Чехия, Израиль елдерінде де кеңінен қолданылады. Біріккен Араб Әмірлігі болса, шаңырақ көтерген әрбір жас отбасыға елдің «Неке» қорынан 20 мың доллар (ерлі-зайыптының  әрқайсысына) өсімсіз несие береді. Сондай-ақ, сәби өмірге келгенде берілетін сыйақыларда есеп жоқ десе де болады… Көптеген шет мемлекеттерде әр балаға 160-170 еуро, 200 АҚШ долларынан бастап берілетін болса, көрші Ресейде үшінші сәби өмірге келіп, ол үш жасқа толғанша 6 мың рубль төленіп тұрады. Бір қызығы, о л а р д а о с ы н д а й ж е ң і л д і к т е р қ ол д а н ы л ы п ж ат қ а н ы м е н , б а л а туу көрсеткіші қалыпты деңгейден әлдеқайда төмен. Ал, бізде бала туу көрсеткіші артпаса, кеміп жатқан жоқ.

Себеп пен салдар Статистика комитетінің мәліметінше, адамдар мына 5 себеп бойынша жұмыссыз болады:

– Өз еркімен жұмыстан кету;

– Қызметке орналасуға мүмкіндігі болмау;

– Жеке немесе отбасы жағдайына байланысты жұмыссыз жүру;

– Мал шаруашылығына байланысты жұмыс істемеу;

– Қысқарту себебімен жұмыссыз қалу. Егер адам жұмысынан айырылса, жалақысыз қалса, ол қайткенде де күнкөріс көзін іздейді. Ол табылса игі. Жұмыссыз қалған қара халықтың тұрмысы мүшкілденсе, олардың қоғамдағы наразылықтарға қатысуы ықтимал. Елде жұмыссыздық көбейсе, қылмыс та көбейеді. Себебі, табыс көзін таба алмаған жұмыссыздар ұрлық жасау, кісі мен үй тонауға баруы мүмкін. Әрине, жұмыссыздықтың да түрі көп: уақытша жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, маусымдық жұмыссыздық, циклдық жұмыссыздық…

Бұлардың біріне жұмысқа тұрақтамайтын кісінің өзі кінәлі болса, екіншісінде жұмыс орны жабылып, шарасыздықтан бос қалуы себеп. Атыраудағы ахуал Атырау облысында да бүкіл еліміздегі сияқты карантин кезінде бар жұмысынан қол үзіп қалғандар баршылық. Биылғы 1 қыркүйектегі мәліметке сүйенсек, жұмыспен қамту шараларымен 15 110 адам қамтылды.

Оның ішінде 5 849 адам – тұрақты жұмыс орындарына, 499 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына, 832 жас түлек – «Жастар тәжірибесіне», 4 965 адам қоғамдық жұмыстарға орналасса, 227 адам – несие, 342 адам грант алды. Сонымен бірге, 20 адам несие бойынша кепілдендіріліп, 1 466 адам қысқа мерзімді оқуға, 910 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

 «Бос  жұмыс орындарының жәрмеңкесінен» де жұмыссыздар жұмыс тауып жатады. Жыл басынан бері облыс бойынша 24 жәрмеңке өткізілсе, оған 3 090 адам қатысқан. Оның 1 388-і жұмыспен қамтылды. Облыстағы 32 мекемеде жұмыс көлемі азаюына байланысты 1 915 адам жұмыстан қысқарған. Оларға жұмыспен қамту орталықтарына тіркелу қажеттігі жөнінде ескертіліп, әлеуметтік төлем алу мүмкіндіктері туралы түсіндірілген. Қазір аталған орталықтарға 969 адам тіркелген болса, олардың 146-сы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған.

Сонымен қатар, 134-і жұмысқа орналасып, 5-еуі – қысқа мерзімді оқу курстарына, екеуі қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Ал, 867 адамның жұмыст арынан қысқаруына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалып, төленді. Басқарма тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында жыл басынан бері қысқартуға жоспарланған 3 755 адамның 1 840-ы жұмыста қалдырылып, жұмыс орындары сақталған.

Жасырып қайтеміз, жұмыссыз жүргендердің біразы ресми орындарға тіркелмейді. Сондықтан, шын жұмыссыздардың саны бұдан да көп болуы ықтимал. Олардың тіркелмегендегі ойлары – «Бәрібір жұмыс жоқ». Немесе, «маған лайығы табылмайды», «жалақысы аз болар» деп топшылау. Бұл оймен де келісуге болады. Өйткені, Атырауда бәрі қымбат, 45-50 мың теңге айлығың неге жетеді?! Көпшілік арасынан «оқу курсын бітірді-ау, бірақ, жұмыс жоқ, шақырмайды» деген сөздерді де естіп жүрміз. Не дегенде де қазір жұмыссыздық мәселесінің қаны тамып тұр. Расымен де, жұмыс табу қиынның қиыны. Мұны мойындау керек. Сол себепті жұмыссыз жүргендердің бәрін «елге, үйіне масыл болған арамтамақтар» деп кінәлау жөн емес.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз