Атырауда коммуналдық төлемдерді кімдер жеңілдікпен төлейді?

kommunalьn Жаңалықтар

Жаңа жылдан бастап «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында коммуналдық қызметтердің тарифі өсетінін жазған едік. Ал, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров  болса халықтың кейбір осал топтары коммуналдық шығындарды төлеуде жеңілдіктерге ие болатынын айтты. Нақтырақ білу үшін  Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетовтен сұрап көрген едік,-деп хабарлайды atr.kz

Басқарма басшысының айтуынша,  еліміздің «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, аз қамтылған отбасыларына коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында тұрғын үй көмегі берілетінін айтты. 

«Оның мөлшері өтініш иесінің коммуналдық қызметтерге өткен тоқсанда жұмсаған шығыны мен отбасының өткен тоқсандағы жиынтық табысының шекті жол берілген үлесінің айырмасы есебінде белгіленеді. Соңғысына келсек, аталған үлес облысымызда 5 пайыз мөлшерінде белгіленген. Биыл 371 отбасына 17,8 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі қаралды. Ал, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына облыс бойынша аз қамтылған 292 отбасына коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығындарын өтеу мақсатында жергілікті бюджеттен 7,7 млн теңге көлемінде тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді», деп түсіндірді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз