Зейнетақы мен басқа да мемлекеттік төлемдерге өзгерістер енгізілмек

200331211547686e Жаңалықтар

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 пайызға индексацияланады. Бұл туралы республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Мен бұған дейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым. Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым» деді Президент.

«Atr-Ақпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/benzin-baғasy-165-teңgege-dejin-kimderge-tөmendejdi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз