ТІЛ САЙЫСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Жуырда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде «Тілдерді қолдану мен дамытудың» мемлекеттік бағдарламасын, Елбасын Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру, министрлік жүйесіндегі қызметкерлердің үш тілді меңгеруін анықтау мақсатында «Тілдарын» республикалық байқауы өткізілген болатын.

 

Аталған байқауға қатысқан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің орталық штабы» РМҚК «Ақберен» Атырау атқыламаға қарсы әскерилендірілген бөлім филиалының қызметкері Айнагүл Насиханова өзінің жан-жақтылығымен ерекшеленді. Кәсіби біліктілігі мен үш тілді меңгерудегі шеберлігі арқасында әр кезеңнен сүрінбей өткен жерлесіміз жүлделі екінші орынды иеленді.
Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз