Теңіз кен орнында полиция бөлімшесі ашылды

20190506030117 Жаңалықтар

Аtr.kz/6 мамыр, 2019 жыл. Теңіз кен орнында полиция бөлімшесі ашылды.

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жаңа полиция бөлімшесі ашылды.

20190506030111

«Бөлімше 40 мыңға жуық адам тұратын Теңіз вахталық кентінде ашылды. Олар үшінші зауыттың құрылысында жұмыс істейді. Кенттегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен 27 полиция қызметкері айналысатын болады», – деп хабарлады аймақтағы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Теңіз кен орнында полиция бөлімшесі ашылды Жаңа ғимаратта кезекшілік бөлім, тергеуші мен ұсталған азаматтарға арналған арнайы бөлме жасақталған. Күдікті тұлғаларды тергеуге арналған бөлмеге аудио және видео құрылғылар орнатылған.

Айта кетейік, Теңіз кен орнында мұнай өндірісін жылына 28 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша вахталық тәсілмен 100 мыңға жуық адам – тұтас қала тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады.

20190506030105

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз